Премьер-Министр Серік Ахметов көктемгі-егіс жұмыстарын сапалы жүргізу жөнінде бірқатар тапсырмалар берді

Бүгін ҚР Үкіметі отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов мемлекеттік органдарға және өңірлер әкімдеріне егіс науқанын сапалы жүргізу үшін барлық шараларды қолдануды тапсырды.  

«Егіс науқанын оңтайлы мерзімде жүргізу әкімдердің, мемлекеттік органдардың және ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің орындарындағы жұмыстарына байланысты. Сондықтан Ауыл шаруашылық министрлігіне әкімдірмен бірге барлық көктемгі-егіс жұмыстарын сапалы жүргізуді, ЖЖМ және басқа да материалдық-техникалық ресурстарды жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді С.Ахметов. 

                         

Оған қоса, Үкімет басшысы басым ауыл шаруашылық дақылдарының егіс алқабын кеңейту және өңдеудің жаңа технологияларын енгізу қажеттігіне назар аударды. 
 

«Бұл мәселе бойынша әкімдермен қаншама сөйлестік. Әзірге өсімдік шаруашылығындағы әртараптандыру, нөлдік ылғал сақтайтын технология бойынша егіс алқаптарын пайдалану және ұлғайту мәселелері баяу қарқынмен жүріп жатыр. Өңірлер әкімдері осыған назар аударсын», - деп басып айтты ол.
 
Сонымен қатар, «Қазагро» ҰБХ»  АҚ-на әкімдермен бірге қаржылай қаражаттарды пайдаланудың тиімділігін қамтамасыз ету, Мұнай және газ министрлігі белгіленген кестеге және қол қойылған меморандумдарға сәйкес өңірлерді дизельдік отынмен қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдану тапсырылды.  

«Жалпы алғанда дайындық жаман емес. Үкімет тарапынан көктемгі-егіс жұмыстарын қаржылай, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шаралар қолданылған», - деп қортындылады Премьер-Министр.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу