Премьер-Министр Серік Ахметов Астанада ЭКСПО - 2017 көрмесін дайындау мен өткізу бойынша Мемлкеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесін дайындау мен өткізу бойынша Мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы болды.
 
                     
 
С.Ахметов назарды Президенттің таяуда Ақордада ЭКСПО-2017-ні дайындау мен өткізу мәселелері бойынша өткен кеңесте айтқан тапсырмаларына аударды. 

«Көрме шығынсыз болуы қажет, барлық павильондардың көрмеден кейінгі жұмысы ұлттық компаниялар үшін, тұтастай алғанда мемлекет үшін тиімді болуы тиіс»,-деді С.Ахметов. Ол сондай-ақ ЭКСПО-ға дайындық туралы іс-шараларды жариялау бойынша ақпараттық-имидждік жұмыстарға креативтік тәсілдерді қолдану, тиісті заң жобаларын мерзімінде дайындау қажеттігін атап көрсетті. 

Отырыста «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасы басшысы Талғат Ермегияевтің, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевтың, Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровтың, Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің есептері тыңдалды.

Үкімет басшысы мәселені талқылау қортындысы бойынша барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, ұлттық компаниялар «Астана ЭКСПО-2017» ҰК»-ға бірқатар тапсырмалар беріп, қабылданған шаралардың көрмені сапалы дайындау мен өткізуге аса қажеттілігін атап көрсетті.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу