18 Наурыз 2025, 17:45
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетовтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Вице-министр брифингте республикада Анимацияны дамытудың алдағы бес жылға арналған кешенді стратегиясы әзірленіп жатқанын айтты. Қазірдің өзінде тиісті қаржы қаралып, отандық мультфильмдерді шығару жоспарланған. Сондай-ақ «Қазақанимацияны» Алматыдан Астанаға көшіру мәселесі қарастырылуда. Вице-министр түсіндіргендей, елордада Astana Hub орналасқан, ал анимациялық қызмет IT-индустрияның бір бөлігі болып саналады әрі бұл оның дамуына жақсы серпін береді. Астанада жыл сайын анимациялық салаға арналған үлкен Comic Con фестивалі өтеді.
Евгений Кочетов Наурыз мерекесін тойлауға қатысты сұраққа да жауап берді. Оның айтуынша, биыл Наурыз қоғам өмірінің барлық салаларын – қайырымдылық пен мәдени іс-шаралардан бастап ұлттық дәстүрлер мен экологиялық акцияларға дейін қамтуға арналған «Наурызнаманың» жаңа тұжырымдамасына сәйкес екінші рет атап өтіледі. Вице-министр Наурызды мерекелеуге бюджет қаражатының шығындары ұлғаймағанын айтып сендірді.
Сонымен қатар Евгений Кочетов енді елімізде фильмдерді жобалау алдында сараптама жүргізілетінін айтты. Спикер қазір прокаттау куәліктерін беру кезінде тизерлерді қарау тетігі бар екенін, алдағы кезеңде арнайы сараптама тобын дайындау бойынша тәсілдер әзірленіп жатқанын, сондай-ақ прокаттау куәліктерін беру жөніндегі критерийлерді әзірлеу үдерісі жүзеге асырылатынын атап өтті.
#Баспасөз конференциясыҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу