19 Ақпан 2025, 18:30
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша ҚР көлік вице-министрі Талғат Ластаев епн цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун, сондай-ақ Қазақстанның авиация әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду, Air Astana әуе компаниясының қаржы жөніндегі атқарушы директоры Ибрахим Жанлыел және Алматы қаласы халықаралық әуежайының президенті Косе Гокердің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Талғат Ластаев баспасөз мәслихаты барысында әуе рейстерінің кешігуіне қарсы күрес жұмыстары туралы айтты. Ол әрбір жағдай мен арыз-шағым бойынша тексеру жұмыстары жүргізілетініне сендірді. Өткен жылы әуе компанияларын жауапкершілікке тарта оттырып, рейстерді кешіктіргені үшін 14 айыппұл салынды. Ең бастысы – рейстер кешіктірілген жағдайда жолаушылардың құқықтарын қорғау. Әуе компанияларының жолаушыларды тамақпен, қонақүймен уақтылы қамтамасыз етпеу фактілері анықталса, олар жауапкершілікке тартылады. Әуе компанияларына жалпы 40 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
Өз кезегінде Дмитрий Мун мемлекеттік цифрлық деректер базасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы хабардар етті. Ақпараттық қауіпсіздік комитеті тиісті жұмыстарды жүргізіп жатқаны атап өтілді. Соңғы төрт жылда мемлекеттік деректер қорынан ақпараттың жаппай таралып кету жағдайы орын алған жоқ, өйткені олар жабық әрі сенімді қорғалған тізбекте орналасқан.
Сонымен қатар вице-министр персоналды, әуе кемелері мен ұйымдарды сертификаттау, тіркеу және лицензиялау, сондай-ақ ұлттық және халықаралық стандарттады сақтау арқылы реттеу мен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін авиация саласын цифрландыру шаралары туралы баяндады. Бүгінгі таңда азаматтық авиация саласында мемлекеттік 58 қызмет түрі көрсетіледі, олар 100% цифрлық форматта ұсынылады, бұл оларды алу үдерісін едәуір жеңілдетті әрі жеделдетті. Өткен жылы 21 мың мемлекеттік қызмет электронды түрде көрсетілді. Олардың ішінде халықаралық тұрақты емес ұшуларға рұқсат беру, авиация персоналына, сондай-ақ экипаж мүшелеріне куәліктер беру қызметі бар.
Алматы халықаралық әуежайының президенті Косе Гокер өзі басқаратын әуе айлағында қызмет көрсетуді жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуына қарағанда, Алматы әуежайында жолаушылар үшін күту орындары кеңейтіліп, адамдар үй жануарларымен бірге бола алатын аймақ жасалған. Спикер багажды өңдеу аумағын кеңейту бойынша әлі көп жұмысатқару керектігін, бұл қызмет көрсетуді жақсартуға да әсер ететінін айтты.
#Баспасөз конференциясыҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу