14 Сәуір 2026, 18:24
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин, қаржы вице-министрі Ержан Біржанов, өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков, энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.
Азамат Әмриннің мәлімдеуінше, 2026 жылдың басында инвестициялық белсенділік ел экономикасы өсімінің негізгі драйверіне айналды. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 3,5 трлн теңгені құрап, 6,4%-ға артты. Инвестиция тарту бойынша Жамбыл, Түркістан және Ұлытау облыстары көш бастап тұр. Капиталдың ең көп ағыны электрмен жабдықтау, байланыс және ауыл шаруашылығы салаларында тіркелді.
Сыртқы сауда көрсеткіштерінде де оң серпін байқалуда: жылдың алғашқы екі айында тауар айналымы 11,3%-ға өсіп, $21,7 млрд-қа жетті.
Өз кезегінде Қайырхан Тұтқышбаев Энергетика министрлік ұлттық компаниялармен бірлесіп, халықты жанар-жағар май материалдарымен толық қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ вице-министр отандық зауыттар заманауи зертханалармен жабдықталғанын, отын сапасына қатысты шағымдар тіркелмегенін жеткізді.
#Баспасөз конференциясыҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу