14 Қазан 2025, 18:35
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша қаржы вице-министрі Ержан Біржанов пен ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмриннің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Ержан Біржанов баспасөз мәслихатында Қазақстанда әлеуметтік төлемдерді қысқарту жоспарланып отырмағанын атап өтті. Келесі жылы әлеуметтік салаға 10 трлн 617 млрд теңге қарастырылған. Мұндағы сома өсіп жатыр. Қаржыландыру көлемін де, түрлері де азаймайды. Алайда, олардың тиімділігін тексерілмек. Өкінішке қарай, цифрландыру шеңберіндегі бақылау осы қаражатты беру кезінде теріс мақсатта пайдалану деректері барын анықтап отыр. Сондықтан ведомство қаржыны дұрыс пайдалану мақсатын көздеуде.
Спикер бүгінгі таңда әлеуметтік салаға бөлінген ақшаның әділ таратылуына, шын мұқтаж адамдарға берілуіне баса назар аударылатынын айтты.
Өз кезегінде ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин «Бәйтерек» арқылы бизнесті кредиттеу бағдарламасының инфляцияға әсеріне қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, 2025 жылы бюджеттік серпін төмендеді, сол себеп инфляцияға ешқандай да әсер етіп отырған жоқ.
Вице-министрі «Бәйтерек» холдингі арқылы қаржыландырған кезде жаңа ақша массасы қалыптаспайтынын айтты. Өйткені ол жерде экономикадан алынған ақша қайтадан өзіне салынады. «Бәйтерек» банктердің ақшасын тартады да, олар қайтадан экономика үшін жұмыс істей бастайды. Сондықтан бюджеттік және фискалдық импульстің инфляцияға әсері аз болады.
#Баспасөз конференциясыҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу