28 Шілде 2026, 18:30
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша ұлттық экономика, өнеркәсіп және құрылыс вице-министрлері Асан Дарбаевтың, Олжас Сапарбековтың, энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ернар Хасеновтың және «Бәйтерек» ҰБХ АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкеловтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Асан Дарбаев Президенттің тапсырмасы бойынша әзірленген «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында желілік инфрақұрылымның тозуын Қазақстан бойынша орташа есеппен 40%-ға дейін қысқарту жоспарланып отырғанын атап өтті.
2025-2029 жылдары инвестициялардың жалпы көлемі 13 трлн теңгені, оның ішінде коммуналдық секторға 6,8 трлн теңгені және энергетика секторына 6,2 трлн теңгені құрайды. Бұл қаражат 84 мың шақырым желіні жөндеуді және жаңғыртуды, 7 309 мегаватт қуатты іске қосуды, 27 генерациялау нысанын салуды және реконструкциялауды қамтамасыз етеді. Нәтижесінде желілік инфрақұрылымның тозуы ел бойынша орташа есеппен 40%-ға дейін, ал нысандардағы апаттылықты 25%-ға дейін қысқарады деп күтілуде.
Олжас Сапарбеков суағар жүйелерін жаңарту еліміз бойынша ЭКСЖ жобасына енгізілетінін айтты. 2026 жылға дейін мұндай жобалар республикалық бюджет есебінен қаржыландырылды.
#Баспасөз конференциясыҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу