02 Маусым 2026, 18:45
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев пен төтенше жағдайлар вице-министрі Ерболат Садырбаевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.
Асқарбек Ертаев елімізде жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау бағытында, оның ішінде олардың қызметін заңдастыру және сақтандыру жүйесімен қамту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бүгінде өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырумен 118 мың жұмыскер қамтылған. Сонымен қатар 19 мың ұжымдық шарт цифрландырылған, бұл өткен жылдың көрсеткішінен екі есе жоғары. Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық бақылау аясында 170 тексеру жүргізіліп, қамту көлемі 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,5 есеге артқан.
Ерболат Садырбаев Төтенше жағдайлар министрлігі материалдық-техникалық базаны жаңғырту жұмыстарын жалғастырып жатқанын айтты. Техника сатып алу кезінде оның тиімділігіне басымдық берілуде. Бұдан бөлек, цифрландыру шараларының аясында жасанды интеллект енгізілген «е-ТЖМ» бірыңғай цифрлық платформасы әзірленіп жатқаны атап өтілді. Жүйеде қауіпті өндірістік нысандарды есепке алу, апаттар мен өндірістік жарақаттану бойынша деректер банкін қалыптастыру, бизнес-процестерді автоматтандыру қамтылған және нысандардағы ықтимал қауіп-қатерлерді болжауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар өндірістік нысандарға мониторинг жасау және бақылау жүйелерін интеграциялау жұмыстары жалғасып жатыр.
#Баспасөз конференциясыҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу