30 Шілде 2024, 20:20
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында тілшілердің сауалдарына көлік министрі Марат Қарабаев, экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев және ТЖ вице-министрі Бауыржан Сыздықов жауап берді.
Көлік министрі вагондарды жаңарту, жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу сапасын бақылау, қаржыландыру жөнінде, сондай-ақ темір жол вокзалдарын жаңғырту, ТЖ және әуе тасымалдаушыларының қызметтеріне сұраныс пен субсидиялар туралы баяндады.
Экология министрі орманшыларға арналған әлеуметтік пакет, материалдық және техникалық жарақтандыру, өрттің алдын алу шаралары туралы айтып берді.
Ал ТЖ вице-министрі Бауыржан Сыздықов заманауи шұғыл дабыл жүйелері мен Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетін құруға қатысты сұрақтарға жауап берді.
#Автожолдар #Брифинг #Көлік #Экология #ҚР ТЖМ #Үкімет отырысыҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу