Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясы: Қазақстанда электр стансаларын жөндеуді қаржыландыру артуда

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті. Онда ҚР энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов, «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов және «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Нәби Айтжанов қатысты.

Сұңғат Есімханов баспасөз конференциясы барысында дата-орталықтар алқабындағы алғашқы нысандар 2027 жылы пайда болатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, осы уақытқа дейін үздіксіз электрмен жабдықтау қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда құрылыс жүргізу үшін жер учаскелерін рәсімдеу процесі жүріп жатыр.

Сонымен қатар биыл электр станцияларындағы жөндеу жұмыстарына бөлінетін қаржыландыру көлемі 9%-ға арттырылғаны атап өтілді. Бұдан бөлек, «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында да қаражат қарастырылған.

Жоспарға сәйкес 9 энергия блогын, 55 қазандықты және 51 турбинаны күрделі жөндеуден өткізу көзделген. Қазіргі таңда генерация саласындағы 29 нысанда жұмыстар жүргізіліп жатыр. Электр желілерінде 1,2 мың шақырым желі мен 54 қосалқы станса жөнделді.

Жылу желілері бойынша жоспар 377 шақырымды құрайды, ал жұмыстар сынақтар аяқталғаннан кейін басталады. Жаңғырту қарқынын қолдау мақсатында Үкімет резервінен 7 өңірге 25,4 млрд теңге бөлінеді.

#Баспасөз конференциясы

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу