09 Шілде 2024, 20:09
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша көлік министрі Марат Қарабаев, «ҚазАвтоЖол» ҰК басқарма төрағасы Дархан Иманашев, Ұлттық жол активтері орталығының бас директоры Болатбек Айтбаев, ҚазжолҒЗИ президенті Арман Алибаеваның қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.
Журналистер жол құрылысының сапасын бақылау, ақылы жолдардан түсетін қаржының тарифтері мен мақсатты жұмсалуы, ауыр жүк көліктері қозғалысын шектеу, сондай-ақ теміржол және әуе қатынастарына қатысты мәселелерге қызығушылық танытты.
Көлік министрі Шақпақ баба асуындағы еліміздегі ең ұзын туннельдің құрылысы неге 10 жылға созылғанын, ірі жобаларды салуда халықаралық несиелер неліктен тиімді екенін және қандай жағдайда олар алынатынын, қайта құру үшін жолдарды таңдау басымдықтарын түсіндірді. Сонымен қатар Марат Қарабаев пойыз билеттерінің маусымдық тапшылығы мен ескірген вагондарды ауыстыру туралы сұрақтарға жауап берді.
#Автожолдар #Брифинг #Көлік #Үкімет отырысыҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу