10 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі, 10 маусым күні, 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібі: 

• өндірісте қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және еңбек саласын толық цифрландыру;

• Қазақстанға келетін туристерге қолайлы жағдайлар жасау туралы.

Отырыс қорытындысы бойынша өтетін баспасөз конференциясына:

- ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай;

- ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Ерболат Әбілхатин қатысады.

Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.

#Үкімет отырысы

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу