09 Наурыз 2026, 15:33
Сейсенбі, 10 наурыз күні, 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібі — тұрғын үй құрылысын дамыту мен цифрландыру.
Отырыс қорытындысы бойынша өтетін баспасөз конференциясына: ️
ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев; ️
«Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова; ️
«Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Алтай Күздібаев қатысады.
Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу