10 желтоқсан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі, 10 желтоқсан күні, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібінде:

  • Құрылыс саласын дамыту;

  • Трансшекаралық хабтарды дамыту мәселелері.

Отырыс қорытындысы бойынша сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев, өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов, «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Отырыстың тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу