10 Қараша 2025, 13:40
Сейсенбі, 11 қараша күні, 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібі:
- геология және жер қойнауын пайдалану саласын дамыту және цифрландыру шаралары;
- халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.
Отырыс қорытындысы бойынша өтетін баспасөз конференциясына:
ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов;
«СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Нұрлыбек Асылбеков қатысады.
Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу