12 Мамыр 2025, 13:40
Сейсенбі, 13 мамыр күні, 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібі – көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу және вегетациялық кезеңді өткізу.
Отырыс қорытындысы бойынша өтетін баспасөз конференциясына:
- ҚР ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров;
- ҚР су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров қатысады.
Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.
Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.
#Үкімет отырысыҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу