19 Мамыр 2025, 14:40
Сейсенбі, 20 мамыр күні, 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібі – оқу жылының аяқталуы және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері.
Отырыс қорытындысы бойынша өтетін баспасөз конференциясына:
- ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев;
- ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов қатысады.
Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.
Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу