14 сәуір күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі, 14 сәуір күні, 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібі — 2026 жылғы қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы.

Отырыс қорытындысы бойынша өтетін баспасөз конференциясына:

  •  ️ ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин;

  • ️ ️ ҚР қаржы вице-министрі Ержан Біржанов;

  • ️ ️ ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков;

  • ️ ️ ҚР энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев қатысады.

Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу