15 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Дүйсенбі, 15 қыркүйек күні, 16:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібі:

- Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы;

- жол қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Отырыс қорытындысы бойынша өтетін баспасөз конференциясына ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха қатысады.

Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу