15 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі, 15 қыркүйек күні сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібі – цифрлық активтер саласын дамыту.

Отырыс қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикерлер:

  • ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ғиззат Байтұрсынов;

  • ҚР Ұлттық банкі Төлем жүйелері және цифрлық қаржы технологиялары департаментінің директоры Ерлан Ашықбеков;

  • АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитетінің Лицензиялау және қаржы технологиялары кеңсесінің басқарушы директоры Еркеғали Еденбаев.

Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

#Үкімет отырысы

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу