15 шілде күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі, 15 шілде күні, 9:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібі – 2025 жылғы қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындыларын қарау.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметі басшылығының қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.

#Бюджет #Экономика #Үкімет отырысы

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу