30 Қаңтар 2018, 10:40
Сәрсенбі күні, 31 қаңтарда, сағат 12:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында «АХҚО: Президенттің Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттерді іске асыру» тақырыбында брифинг өтеді.
АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов, «АХҚО әкімшілігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Марат Әйтенов, АХҚО биржа басқармасы төрағасының орынбасары Әмина Тұрғұлова, сондай-ақ «АХҚО әкімшілігі» АҚ цифрлық технологиялар жөніндегі директоры Әсел Жиенбаева шара спикерлері болады.
Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Facebook, Вконтакте, Twitter, Periscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу