18 Ақпан 2025, 14:00
Сәрсенбі, 19 ақпан күні, сағат 9:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібінде – авиация саласын дамыту мен цифрландыру.
Үкімет отырыс қорытындысы бойынша ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун және ҚР көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
Отырыстың тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.
Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.
#Үкімет отырысыҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу