19 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сәрсенбі, 19 қараша күні, 9:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібі – 2026-2028 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бірлескен іс-қимылдар бағдарламасы.

Отырыс қорытындысы бойынша өтетін баспасөз конференциясына:

  •  ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин;
  • ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов;
  • ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшылығы қатысады.

Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу