21 қаңтар күні Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі, 21 қаңтар күні, сағат 10:00-де Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді.

Күн тәртібінде:

  • «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын жүзеге асыру;

  • IT-өнімдер мен қызметтер экспортын дамыту.

Отырыс қорытындысы бойынша экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. 

Отырыстың тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.

#Үкімет отырысы

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу