21 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі, 21 қазан күні, 9:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібі:

- ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту;

- жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі шаралары.

Отырыс қорытындысы бойынша өтетін баспасөз конференциясына:

  • ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев;
  • «Қазақтелеком» АҚ бас әкімшілік директоры Ержан Мейрамов;
  • «Кселл» АҚ басқарма төрағасы, бас атқарушы директор Асқар Жамбакин;
  • Beeline Kazakhstan холдингінің президенті Евгений Настрадин;
  • «Мобайл Телеком-Сервис» басқарма төрағасы Александр Бабичев қатысады.

Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу