20 Сәуір 2026, 17:35

Сейсенбі, 21 сәуір күні, 09:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібі – инклюзивті саясатты жүзеге асыру шаралары.
Отырыс қорытындысы бойынша өтетін баспасөз конференциясына:
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев;
«Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов қатысады.
Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу