24 желтоқсан күні Цифрлық үкімет кеңсесінде Қазақстан Үкіметінің көшпелі отырысы өтеді

Сейсенбі, 24 желтоқсан күні, сағат 10:00-де Цифрлық үкімет кеңсесінде Үкіметтің көшпелі отырысы өтеді.

Күн тәртібінде – мемлекеттік органдар жұмысына жаңа цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект ендіру.

Отырыс қорытындысы бойынша цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев, денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин, қаржы вице-министрі Әсет Тұрысовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Отырыстың тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.

#Үкімет отырысы

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу