25 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі, 25 қараша күні, 9:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібі:

• трансшекаралық хабтарды дамыту мәселелері;
• Қазақстан Республикасында қалдықтардың барлық түрлерін басқарудың 2026-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы.

Отырыс қорытындысы бойынша өтетін баспасөз конференциясына:

ҚР сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова;

ҚР көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров қатысады.

Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу