26 Мамыр 2025, 14:40
Сейсенбі, 27 мамыр күні, 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібі – өткен жылыту маусымының қорытындысы және алдағы жылу беру маусымына дайындық.
Отырыс қорытындысы бойынша өтетін баспасөз конференциясына:
- ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев;
- ҚР энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов қатысады.
Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.
Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.
#Үкімет отырысыҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу