28 қаңтар күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді

Сейсенбі, 28 қаңтар күні Үкімет үйінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен  Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді.

Отырыс барысында еліміздің 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады.

Премьер-министр Олжас Бектенов, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов және бірқатар өңір әкімдерінің баяндамалары тыңдалады.

#Үкіметтің кеңейтілген отырысы

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу