28 сәуір күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі, 28 сәуір күні, 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібі —
экономика салаларында ЖИ енгізу.

Отырыс қорытындысы бойынша өтетін баспасөз конференциясына:

  • ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин;

  • ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова;

  • ҚР энергетика вице-министрі Ілияс Бақытжан;

  • ҚР көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров;

  • ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова қатысады.

Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу