27 Шілде 2026, 15:10

Сейсенбі, 28 шілде күні, 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібі – «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру барысы.
Отырыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтеді.
Спикерлер:
ҚР ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев;
ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков;
ҚР энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ернар Хасенов;
«Бәйтерек» ҰИХ» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов.
Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.
#Үкімет отырысыҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу