3 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі, 3 маусым күні, 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібі – отандық өндірісті дамыту мен қолдау шаралары.

Отырыс қорытындысы бойынша өтетін баспасөз конференциясына:

- ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков;

- ҚР қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл;

- «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айдар Қожахметов қатысады.

Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.

#Үкімет отырысы

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу