04 Наурыз 2019, 05:25
Сейсенбі күні, 5 наурызда, сағат 09:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді.
Күн тәртібінде:
«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы;
Қарапайым заттар экономикасы мәселелері.
Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың, ҚР ИИДМ Автокөлік жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Бековтың, сондай-ақ «ҚИДИ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Шыңғыс Ахметовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу