05 Қаңтар 2026, 15:35
Сейсенбі, 6 қаңтар күні, 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібі - цифрландыру және жасанды интеллект саласын дамыту.
Отырыс қорытындысы бойынша өтетін баспасөз конференциясына:
ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин;
ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова;
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның цифрландыру жөніндегі басқарушы директоры Абылайхан Оспанов қатысады.

Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу