6 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі, 6 қазан күні, сағат 9:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібі – «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясын жүзеге асыру.

Отырыс қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикерлер:

  • ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин;
  • ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Бахтияр Мұхаметқалиев;
  • ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Дархан Мырзабаев;
  • ҚР қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов.

Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу