7 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі, 7 қазан күні, 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібі:

- міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жаңғырту.

- көлеңкелі экономиканы төмендету шаралары.

Отырыс қорытындысы бойынша өтетін баспасөз конференциясына:

  • ҚР денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова;

  • «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов қатысады.

Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу