8 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді.

Сейсенбі, 8 қыркүйек күні, 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібі – жұмысшы мамандықтары бойынша кадрлар даярлаудағы жаңа тәсілдер.

Отырыс қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикерлер: ️

ҚР оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова; ️

ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова; ️

ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов.

БАҚ өкілдерін аккредиттеу 7 қыркүйек күнгі сағат 18:30-ға дейін жалғасады (электронды пошта: press.ukimet@mail.kz).   Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

#Үкімет отырысы

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу