8 сәуір күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі, 8 сәуір күні, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібі – туризм саласын дамыту және цифрландыру.                  

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев пен ҚР Туризм комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. 

Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.

#Үкімет отырысы

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу