8 шілде күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі, 8 шілде күні, 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібі – мал шаруашылығын, ветеринариялық бақылауды және саланы цифрландыруды дамыту.

Отырыс қорытындысы бойынша өтетін баспасөз конференциясына:

  •  ҚР ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров;
  •  ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин;
  • ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов қатысады.

Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.

#Ауыл шаруашылығы #Үкімет отырысы

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу