04 Мамыр 2019, 05:36
Дүйсенбі күні, 6 мамырда, сағат 11.00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Үкіметтік жұмыс тобының Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік шараларын іске асыру бойынша өңірлерге жасаған сапарларының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтеді.
Шара спикерлері:
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова;
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев;
ҚР білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова;
ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов;
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов.
Тікелей таратылымды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу