06 Тамыз 2025, 14:25

Бейсенбі, 7 тамыз, сағат 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
Күн тәртібі – Мемлекет басшысының өңірлік даму, су ресурстары және ирригация салаларына қатысты тапсырмаларын, «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру барысы.
Баспасөз конференциясына:
- ҚР су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов;
- ҚР ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков;
- ҚР энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов;
- ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев;
- ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов;
- ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қосымбаев қатысады.
Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.
#Баспасөз конференциясы #Инфрақұрылымдық дамуҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу