20 Маусым 2019, 18:23
Жұма, 21 маусым күні сағат 11.00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту мәселелері жөнінде баспасөз конференциясы өтеді.
Шара спикерлері ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы Бақыт Батыршаев және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Рустам Исатаев болады.
Тікелей таратылымды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу