16 Наурыз 2020, 17:32
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 16) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес халықтың өмірі мен денсаулығына, конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпті сақтауға, мемлекеттік аппараттың тұрақты жұмыс істеуіне қауіп төндіретін немесе төндіруі мүмкін дағдарысты жағдайлар кезінде мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Дағдарысты жағдайлар кезеңінде Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың жұмыс істеуінің мынадай тетігі айқындалсын:
1) Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын және ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік ететін жоғары лауазымды тұлға ретінде, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық салада:
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарушы органдар жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылықты жүзеге асыратын орган ретінде, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларында тікелей құзыреті болған кезде, оның ішінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген мәселелер бойынша өзге де тәртіпті көздейтін актілер қабылдауға немесе мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға тапсырмалар беруге құқылы;
3) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларында тікелей құзыреті болған кезде, оның ішінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген мәселелер бойынша өзге де тәртіпті көздейтін актілер қабылдауға құқылы;
4) орталық және жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілері мен тапсырмаларында тікелей құзыреті болған кезде, оның ішінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген мәселелер бойынша өзге де тәртіпті көздейтін актілерді қабылдауға құқылы.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) бір ай мерзімде заңнамалық актілерге осы Жарлықты іске асыруға, оның ішінде қажет болған кезде өзге де функцияларды қайта бөлуге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасын Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізсін;
2) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 16 наурыз № 286
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу