09 Мамыр 2019, 06:55
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан қорғаушылар» ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Мемлекет басшысы «Отан қорғаушылар» ескерткішіне гүл шоғын қойып, бір минуттық үнсіздікпен Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етті.
Құрметті қарауыл ротасы салтанатты сап түзеп жүріп өткеннен кейін, Қасым-Жомарт Тоқаев рәсімге қатысқан соғыс және тыл ардагерлерін мерекемен құттықтады.

Шараға ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қатысты.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу