ҚР Президенті Қазақстанда робот техникалары саласы мен зәузаттық инженерияны дамытуды тапсырды
Өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев елімізде робот техникалары саласы мен зәузаттық инженерияны дамыту қажеттігіне назар аударды.
«Биылғы жылды есепке алмағанда 2050 кезеңге дейін жылдарды жеті бесжылдыққа бөлеміз. Оның әрқайсысы дамыған 30 елдің арасына енудегі жалпы идеялық мақсаттарды шешуге арналады. әр бесжылдық өз міндетін, өз бағдарламаларын атқаратын болады-бұл бақылау үшін өте дұрыс»,-деді Н.Назарбаев.
ҚР Президентінің айтуынша, «екінші одан кейінгі бесжылдықтар шеңберінде саланы мобилді мултимедиялық наноғарыштық технологиялар, робот техникалары, зәузаттық инженерия, энергияның жаңа түрлерін ашуға негіздеу керек».
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз