Президент тапсырмаларын орындау: Қазақстанда АӨК саласында терең өңдеу жобалары жүзеге асырылуда

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов агроөнеркәсіп кешенін дамыту аясында ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бойынша өнеркәсіптік қуаттарды арттыру басым бағыттардың бірі екенін атап өтті.

«Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу саласын дамыту – маңызды бағыттардың бірі. Мәселен, биыл Жамбыл облысында жүгеріні терең өңдеуге арналған ірі өнеркәсіптік парк іске қосылады. Бұл Қазақстанға треонин мен глутамат бойынша әлемдік нарықтарға шығуға мүмкіндік береді. Оның үстіне жаңа зауыт жыл сайын 3 млн тонна көлемінде жүгеріге кепілдік берілген сұранысты қалыптастырады. Ал, қазір бүкіл Қазақстан бойынша небәрі 1 млн тонна жүгері өсіріледі. Яғни, бір ғана зауыт нарық құрылымын өзгертіп, агроөндірістің жекелеген бағыттарының дамуына қуатты серпін береді», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

2025 жылы майлы дақылдарды, жүнді, ет пен сүтті терең өңдеуге, сондай-ақ құрама жем мен шырын өндіруге арналған 6 кәсіпорын іске қосылды. Сонымен қатар агроөнеркәсіп кешенінде он зауыт салынуда, алайда саланың әлеуеті бұдан әлдеқайда жоғары.

Бұл орайда Үкімет терең өңдеу жобаларына арнайы мемлекеттік қолдау көрсетуде. Мысалы, астықты өңдеуге инвестициялық субсидиялар 50%-ға ұлғайтылды, сондай-ақ жабдықты импорттау мен негізгі қызмет түрлері бойынша салықтардан босату көзделген. 

Агроөнеркәсіп кешенінде саланың көрсеткіштеріне ғана емес, сонымен қатар ауылдағы өмір сапасына да әсер етіп отырған бірқатар шешімін күткен мәселелер бар екені атап өтілді. Көлемді инвестициялар мен үздік агротехнологиялар егіншілік саласында өнімділікті арттыруға мүмкіндік берсе, мал шаруашылығы бұл жағынан едәуір артта қалып қойды. Аталған салада өсім 2-3%-дан аспайды. 

Бұл әрине, өзін-өзі қамтамасыз ету, өңдеуді дамыту, экспорт көлемін арттыру сияқты мәселелерді шешуге мүмкіндік бермейді. Ветеринария, мал шаруашылығын ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету бағытында да мәселелер жеткілікті. 

Кейбір ірі жер иеленушілер маусымдық кезеңде ғана жұмыс істеп, қалған уақытта ауылда жұмыссыздық белең алады. Сондықтан 10 мың гектардан астам жерді пайдаланып отырған кәсіпкерлерге міндетті түрде мал шаруашылығын жүргізу талаптары қойылды. Орындамаған жағдайда, тиісті шаралар қабылданады, оның ішінде жерді қайтарып алу тетіктері де бар.

Мал шаруашылығын дамыту бойынша кешенді жоспарда асыл тұқымды мал басын сатып алуға жеңілдетілген несие беру, малшылардың балаларына білім гранттарын ұсыну, жасанды ұрықтандырудың заманауи технологияларын енгізу және жайылымдық мал шаруашылығын дамыту шаралары көзделген.

Сондай-ақ еліміздің су шаруашылығын кезең-кезеңімен жаңғырту жөніндегі шаралар жүзеге асырылуда.

«Былтыр 700 шақырым су арнасы қайта жаңғыртылса, биыл тағы 986 шақырымда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Төрт су қоймасы жаңартылды, осы жылы тағы да төрт нысанды жаңарту және үш жаңа су қоймасының құрылысы басталады. Су ресурстарын кешенді басқарудың бас жоспарына негіз болатын сегіз бассейндік жоспарды әзірлеу аяқталады» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда берген тапсырмаңызға сәйкес, жыл соңына дейін еліміздің су-энергетика ресурстарының картасын әзірлейміз. 

Суды үнемдеу мәселесі басым бағыт болып қала береді. Бүгінге суармалы жерлердің үштен бірінен астам бөлігі су үнемдеу технологияларымен қамтылған. 

Осының нәтижесінде өткен жылы 847 млн текше метр суды үнемдеуге қол жеткіздік. Алдағы уақытта жыл сайын қосымша 150 мың гектарға жуық алқапты қамту жоспарланып отыр. Бұл ретте көрсеткіштердің әдейі бұрмалануына жол бермеу міндеті Су ресурстары және Ауыл шаруашылығы министрліктерінің алдында тұр. 

Сонымен қатар туризм саласын дамыту бойынша Үкімет қабылдаған шараларға назар аударылды. Ағымдағы міндеттер мен басымдықтарды ескере отырып, Туризм саласын дамытудың кешенді жоспарын өзектендіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар атап өтілді.

Туризм саласын дамыту бойынша кешенді жоспарды қайта қарап, тиісті шараларды қабылдап жатырмыз. 

Алматы тау кластерінің қолданыстағы инфрақұрылымын жаңғырту және жаңа нысандар салу жұмысы, оның ішінде заманауи шаңғы курортының жобасы іске асырылуда. Қазіргі таңда 17 көтерме жол және 53 шақырым трасса жұмыс істеуде. Қосымша 46 көтерме жол мен 221 шақырым трасса іске қосылады. Көктемде құрылыс-монтаж жұмыстарын басталады.

Қатонқарағай, Зайсан және Кендірліде жаңа әуежайлардың құрылысын биыл аяқталады. Ол осы өңірлерде туризмді дамытуға қосымша серпін береді.

#ҚР Премьер-министрі #Ауыл шаруашылығы #АӨК #Президенттің тапсырмасы

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу