Қазақстанда ТКМ дамыту бойынша жоспарды жүзеге асыру экспорт әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді - А.Рау
ҚР-дағы тау-кен металлургиялық кешенін дамыту бойынша жоспар отандық кәсіпорындар үшін жаңа технологияларды белсенді енгізуді, экспортты арттыруды және шикізаттық базаны қамтамасыз етуді қарастырады, деп мәлімдеді ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау Астанада өткен VI Халықаралық тау-кен металлургиялық конгресінің жалпы отырысында.
«Жоспарды жүзеге асыру нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету, озық технологияларды енгізу және жаңа өндірістер құру саласындағы жүйелі шараларды қамтамасыз етеді. Жобаларды жүзеге асыру отандық металлургиялық кәсіпорындардың жүктелуін қамтамасыз етіп, экспорттық бағыттарды кеңейтуге, күрделі байытылатын кендерді өңдеуге тартуды қамтамасыз етеді», - деді А.Рау.
Ол сондай-ақ жоспар «ашық» құжат болып табылатынын айтып өтті.
«Жалпы біз геологиялық-барлау жұмыстарын, жаңа кен орындарының ашылуын ескере отырып, жоспарды жандандыру бойынша ұсыныстарды қарауға дайынбыз. Инвестициялық ұсыныстарды күтудеміз. Әрбір жоба бойынша мемлекеттік қолдау шараларын анықтаймыз, сондықтан жоспар ашық. Міндет біреу: металлургия мен жалпы ТКМ сенімді, тұрақты шикізат базасымен қамтамасыз етілуі тиіс», - деп түйіндеді вице-министр.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз