03 Желтоқсан 2025, 18:05
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Ұлытау облысының ЖӨӨ көлемі 1 трлн теңгеге жетіп, 1,1% өсім көрсетті. Жан басына шаққандағы көрсеткіш – 4,6 млн теңге. 10 айда көлік және қоймалау, құрылыс, тұрғын үйді пайдалануға беру, инвестициялар, сауда және ауыл шаруашылығы салаларында оң динамика байқалады. Тек өнеркәсіп саласында ғана көрсеткіштер төмендеген. Экономикалық белсенділіктің артуы нәтижесінде облыс бюджетінің кірістері 29,7 млрд теңгеге, яғни 20%-ға ұлғайып, 178 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Экономика
Осы жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша облыста жалпы өңірлік өнім 1 трлн теңгені құрап, 1,1%-ға өсті. Жан басына шаққанда бұл көрсеткіш 4,6 млн теңге (ҚР бойынша 3 орын).
Биылғы қаңтар-қазан айлары қорытындысы бойынша экономиканың келесі салаларында оң динамика байқалады:
1) көлік және қоймалау саласы – 22,1%-ға (109,1 млрд тг.);
2) құрылыс – 9,4%-ға (115,3 млрд тг.);
3) тұрғын үйді пайдалануға беру – 4,1%-ға (71,7 мың ш.м.);
4) инвестициялар – 3,3%-ға (178,6 млрд тг.);
5) сауда – 1,3%-ға (198,5 млрд тг.);
6) ауыл шаруашылығы – 1,2%-ға (58,4 млрд тг.) артты.
Алайда өнеркәсіп (НКИ – 98,4%, 1195 млрд тг.) бойынша төмендеу байқалды. Өздеріңіз білетіндей, бұл Қазақмыс корпорациясының осы жылы ақпан айында болған Жомарт кенішіндегі апатқа қатысты жұмыстың уақытша тоқталуымен байланысты. Қазақмыс корпорациясы «Жомарт» кенішінде жұмыстарды қайта бастады. Бұл ретте, облыста қысқа мерзімді экономикалық индикатордың 70%-ын құраушы өнеркәсіп саласы болғандықтан, аталған индикатор – 99,7%-ды құрады. Осы жылдың соңына дейін негізгі нысаналы көрсеткішке қол жеткізу жоспарланып отыр.
Бюджет
Биыл жыл басынан бері экономиканың дамуы арқасында облысымыздың бюджеті 29,7 млрд теңгеге немесе 20%-ға өсті. Әлеуметтік сала облыстық бюджетте шамамен 50%-ды құрайды, сәйкесінше барлық әлеуметтік міндеттемелер орындалуда. 2025 жылға арналған облыстық бюджет 178 млрд теңгені құрайды, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 15%-ға артқан (2023 жылдан 2024 жылға дейін – 8%-ға артқан). Сонымен қатар бюджеттің меншікті кірістері (90,6 млрд теңге) 2024 жылмен салыстырғанда 15,6 млрд теңгеге артты және үлесі 51%-ға жеткізілді (2023 ж. – 42%, 2024 ж. – 48%).
Инвестициялар
Инвестициялар – экономиканың тұрақты және сапалы өсімінің негізі. Егер өткен жылы экономиканы әртараптандыру аясында облыс бойынша жалпы сомасы 34 млрд теңгені құрайтын 9 инвестициялық жоба қосылса, биылғы жылы жалпы сомасы 138 млрд теңгені құрайтын 17 инвестициялық жоба бастау алды. Оның ішінде қазіргі таңда мұнай базасының, жел электр станциясының және респиратор шығару зауытының құрылысы аяқталды. 2028 жылға дейін жалпы құны 920 млрд теңгені құрайтын 25 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылып, 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.
Индустриялық аймақ
Экономиканы әртараптандыруды жеделдету мақсатында Сәтбаев қаласында индустриялық аймақ құрылды. Аталған аймақ аясында жалпы құны 5 млрд теңгені құрайтын 3 жоба пысықталуда, нәтижесінде 100 жұмыс орны құрылмақ. Осы жылы инфрақұрылым тартылу жұмыстары басталып, келесі жылы аяқталатын болады. Жоспарланған жобалардың жүзеге асырылуы шағын және орта өндірістер белдеуін қалыптастырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сауда-көлік байланысын күшейтуге және қаланың бір бағыттағы дамуынан арылып, экономикасын әртараптандыруды жеделдетуге мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығы
Облыс экономикасын әртараптандырудың маңызды бағыттарының бірі – агроөнеркәсіптік кешен. Өңірді бұл салада өз өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында Жезқазған қаласында жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасы және Жаңаарқа ауданында мал шаруашылығы кешені мен мал сою цехы іске қосылды. 2025 жылы жалпы құны шамамен 17 млрд теңге болатын 10 жоба жүзеге асырылуда, оның ішінде 8 млрд теңгеге 7 жоба осы жылы іске қосылады. Олар:
Қазіргі таңда, облыс әлеуметтік азық-түлік тауарларының 4 түрі бойынша өзін-өзі қамтамасыз етеді. Оның ішінде 3 тауар бойынша 100% (сиыр еті, бірінші сортты бидай ұны және бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны) және инвестициялық жобалардың іске асырылу нәтижесінде тауық жұмыртқасымен қамтамасыз етілу 40%-ға жетті (0-ден). Келесі жылы қосымша 2 тауар түрімен ішінара қамтамасыз ету жоспарлануда (тауық еті және картоп). 2022 жылы облыс аумағында суармалы құрылғыларды қолданатын егістік алқаптар болмады, бүгінгі күні бұл көрсеткіш 1,7 мың гектарға жетті, 2026 жылы 2,5 мың гектарға дейін жеткізу жоспары тұр. «Ауыл Аманаты» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы (2,5%) аясында ағымдағы жылы 700 млн теңге сомасына 100 жоба қаржыландырылды. Жалпы облыс құрылғалы бері ауыл шаруашылығы саласына 8,5 млрд теңге инвестиция тартылды. Жыл басынан бастап бұл салаға 2,5 млрд теңге инвестиция құйылып, өткен жылғы сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш
46 пайызға өсті.
Халықты жұмыспен қамту
Жыл басынан бері жаңа нысандарды құру және жұмыс істеп тұрған нысандарды кеңейту арқасында 2 200 жұмыс орны құрылды. 8 200 адам жұмысқа орналастырылды. Жұмыссыздық деңгейі 4,1%, бұл жалпы республикалық көрсеткіштен төмен (ҚР – 4,6%, 2-орын). Осы жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша орташа айлық жалақы 7,5%-ға өсті (515 543 теңгеден 554 277 теңгеге жетті). 10 айдың қорытындысы бойынша атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылар отбасы саны 3,1%-ға азайды (351 отбасыдан 340 отбасыға дейін). Облыста тұратын жалпы отбасы санының 0,5%-ы – атаулы әлеуметтік көмек алушылар. Жалпы халық санының 0,7%-ы атаулы әлеуметтік көмек алушылар болып табылады (4-ші орын), республика бойынша бұл көрсеткіш – 1,4%. 2025 жылы «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында бірқатар іс-шара өткізілді. Оған жұмысшы мамандықтардың абыройын арттыру, кадр даярлау сапасын көтеру, жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды кеңейту бағыттары кірді. (60 ірі іс-шара; 5 форум; 200 бейнеролик; 8 өнеркәсіп жұмысшыларының еңбегін бейнелейтін мурал;10-нан астам баспасөз туры; 42 жергілікті шахтерлер мен металлургтердің фотосуреттерімен билборд).
Білім
Биыл білім беру саласында 380 орындық 2 мектеп (Жезқазған қаласы «Жайлы мектеп», Теректі ауылы) және 805 орындық 3 балабақша (Жезқазған қаласы – 320 орын, Сәтбаев қаласы – 320, Жаңаарқа ауданы – 165) пайдалануға берілді. Облысымызда алғаш рет Аутизмі (аутистикалық спектрдегі бұзылыстары) бар балаларды қолдау орталығы (autism-орталығы) ашылды. 7 мектеп жөнделді (Жезқазған қаласы № 4 ЖББМ, № 8 ЖББМ, № 13 ЖББМ, № 26 ЖББМ, Қаражал қаласы № 10 ЖББМ, № 30 ЖББМ, Жаңаарқа ауданы Ынталы ЖББМ) және 28 пәндік кабинет (Жезқазған қаласы - 3, Сәтбаев қаласы - 10, Ұлытау ауданы – 7, Жаңаарқа ауданы – 8) сатып алынды. Осы жылы 2,6 млрд теңгеге 2 мектептің (Қаражал қаласы, Мынадыр станциясы) құрылысы аяқталуда. 2 балабақшаның (Жезқазған қаласы, Сәтбаев қаласы) құрылысына шамамен 7 млрд теңге жоспарланған.
Сонымен қатар демеушілік қаражат есебінен Оқушылар сарайының құрылысы басталды. 2026-2027 жылдар аралығында Жезқазған қаласында 1 200 орындық BINOM мектебінің құрылысы, 400 ұл балаға және 400 қыз балаға арналған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» мамандандырылған лицейі мен 2 интернат – жатақханасын (300 орыннан) салу жоспарлануда. Биыл республикалық «Үздік 100 мектеп» қатарына облыс бойынша 3 мектеп қосылды (Жезқазған қаласы №26 гимназиясы, Сәтбаев қаласы Сәкен Сейфуллин атындағы гимназиясы, Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясы). 2024-2025 оқу жылында облыстың білім сапасы 59,1% деңгейінен, 2025-2026 оқу жылының I тоқсанында 61,7% нәтижесімен республика бойынша 6-шы орынды иеленді. 2025 жылы «Алтын белгі» белгісінің иегерлері 2 есе өсіп, 74 түлекке жетті. Осы жылы «Үздік педагог» республикалық байқауында облыстың 4 педагогы жеңімпаз атанып (Абай ат. мектеп-интернаты – 1, Жезқазған қаласы – 2, Сәтбаев қаласы – 1), конкурс қорытындысы бойынша Ұлытау облысы үздік үштік қатарынан көрінді. Республикалық деңгейде ұйымдастырылған жалпы білім беретін пәндер олимпиадасы, ғылыми жобалар мен интеллектуалдық конкурстарда 31 оқушы (1 орын – 5, 2 орын – 7, 3 орын – 19) жүлделі орындар иеленді.
Сонымен қатар Қ.Сәтбаев атындағы 9-11 сынып оқушыларына арналған химия пәні бойынша олимпиада Ұлытау облысы құрылғаннан бері екі жыл қатарынан республика көлемінде өткізіліп келсе, биыл алғаш рет халықаралық деңгейде ұйымдастырылды. Аталған халықаралық олимпиада нәтижесінде облысымыздың 2 оқушысы III дәрежелі дипломға ие болды және 1 оқушы Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің грантын жеңіп алды. 2-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі 89,9%-дан 95,4%-ға дейін өсті. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ұлытау техникалық университетін ашу үшін ауқымды жұмыс басталды. Жақында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Қазақмыс Корпорациясы» арасында меморандум жасалды. Жоба өңірдің ғылыми білім беру инфрақұрылымын дамытуға, тау-кен-металлургия кешені үшін жоғары білікті кадр даярлауға және заманауи білім беру экожүйесін қалыптастыруға бағытталған. Жаңа университет білім, ғылым, өнеркәсіп бір арнаға тоғысқан алаңға айналады және Ұлытау облысының экономикалық, әлеуметтік әлеуетін күшейтуге ықпал етеді. Университет түлектері қазақстандық және Америка құрама штаттары (Colorado School of Mines) дипломына ие болатын болады.
Денсаулық сақтау
Облыс құрылғаннан бері денсаулық сақтау саласында материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету деңгейі 88%-ға дейін жеткізілді. Барлығы 333 бірлік медициналық жабдық сатып алынды, оның ішінде биылғы жылы 96 жабдық. Осы жылы 6 нысанның жөндеу жұмыстары басталды (Жезқазған қаласы емханасы, Жаңаарқа ауданы ауруханасы, облыстық көпбейінді аурухана, медколледж, тубдиспансер және Қаражал қаласы ауруханасы). Кадр тапшылығын төмендету мақсатында облыстық бюджет қаражаты есебінен 179 млн теңгеге 32 резидент (2023–2025 жылдары) білім алуда. Осы жылы өңірге жаңадан келген 25 медицина қызметкеріне 170 млн теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленді (2024 жылы – 40 маманға 206 млн теңге). Сондай-ақ, 15 дәрігер қызметтік үймен қамтамасыз етілді. 2025 жылы жедел медициналық жәрдем қызметі үшін 2 жаңа автокөлік сатып алынды, сонымен қатар ауылдық шалғай жерлерге 3 санитарлық автокөлік сатып алынды (2 Ұлытау ауданы, 1 Жаңаарқа ауданы). «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 7 нысанның құрылысы аяқталды (бұдан бөлек 2023 жылы – 5, 2024 жылы – 8). Жасанды интеллектті қолдана отырып, радиологиялық зерттеулердің бірыңғай базасы (ПАКС) құрылды. Осы жылдың үшінші тоқсан қорытындысы бойынша өлім саны 3,7%-ға (2024 жылы – 1420, 2025 жылы – 1357), бала өлімі 44,6%-ға (2024 жылы – 32, 2025 жылы - 15), туберкулезбен сырқаттану 12,8%-ға төмендеді
Сонымен қатар «Жезқазған қаласындағы жұмыс істеп тұрған облыстық көпбейінді аурухананы консультативтік-диагностикалық орталығы ауысымына 250 адам қабылдай отырып, 100 төсектік (жалпы төсек қорын ұлғайтпай) жаңа корпус салу жолымен қайта жаңарту» жобасы жоспарланып отыр.
Спорт және мәдениет
Мәдениет саласында 400 млн теңгеге 4 нысан жөнделді (Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Жаңаарқа ауданындағы орталық кітапханалар және Ұлытау облысының тарихи-археологиялық көрме залына заман талабына сай 3D жобасындағы экспозиялық залымен, ағымдағы жөндеу жұмысы). 2024 жылы 20 мәдени іс-шара өткізілді, оның ішінде ірі «Жезкиік», «Көкмайса», «Ұлы дала өнері». Қоғамдық демалысты дамытуға маңызды үлес ретінде Жезқазған қаласында 450 орындық конгресс-орталығының құрылысы болмақ. Сонымен қатар биыл Жезқазған қаласындағы «Достық және мәдениет үйіне» күрделі жөндеу жұмыстары басталды және келесі жылы Сәтбаев қаласының Ш.Ділдебаев атындағы кеншілер сарайын қалпына келтіру (реконструкциялау) жұмыстары, С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театрына күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған.
Туризм
Туризм – облыс экономикасын әртараптандыру жөніндегі маңызды бағыттардың бірі. Жыл басынан бері туризм саласына тартылған инвестиция көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46%-ға өсіп, 3 млрд теңгені құрады. Орналастыру орындары көрсеткен қызметтер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23%-ға өсіп, 612,8 млн теңгені құрады (2024 жылы – 497,8 млн тг) және 22 мыңнан аса (22933 адам) адамға қызмет көрсетті (2024 жылы – 21184 адам, өсім 8,3%-ға), ал оның ішінде шетелдік туристер саны 1035 адам (2024 жылы – 732 адам).
Облыс орталығынан Астана, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларына тұрақты әуе қатынасы бар (4 бағыт бойынша аптасына 46 рейс). Туристер санының жыл сайын ұлғаюына байланысты жаңа қонақ үй кешендерін салу қажеттілігі бар, бұл қосымша инвестициялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Осы жылы жалпы құны 1,9 млрд теңгені құрайтын тағы 3 қонақ үйді пайдалануға беру жоспарлануда:
Биыл алғаш рет Ұлытау облысының бюджетінен туризмді дамытуға 100 млн теңге бөлінді. Бұл қаражат өңірдің туристік әлеуетін арттыруға бағытталып, бірқатар ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, мәдени бағыттағы шаралар аясында танымдық турлар, «Ұлы Дала Самалы мен Дәмі» республикалық батпырауық және гастрономиялық фестиваль, сондай-ақ халықаралық деңгейде белсенді туризмді насихаттау мақсатында «Дала энергиясы» джип-туры өткізілді. Бұл жобалар арқылы Қазақстан мен ТМД елдеріне Ұлытау облысының табиғи байлығы, тарихи орындары және экотуризм әлеуеті кеңінен таныстырылды. Туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында Сәтбаев қаласынан Жошы хан кешеніне дейін автожол салу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ жекеменшік инвестициялар есебінен Тасбұлақ аумағы абаттандырылды.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
Электр желілері
2025 жылы 4,9 млрд теңгеге 818,9 шақырым электр желілері мен 272 бірлік электр жабдықтарын жаңғырту және жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 1,8 млрд теңгеге жұмыстар монополист кәсіпорындардың бекітілген инвестициялық жобалары арқылы жүзеге асырылды. Сонымен қатар «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 2024 жылдан бері «Жаңаарқа кентінің электр желілерін салу» жобасы бойынша 730 млн теңге қарастырылып 46,2 шақырым электр желілері тартылды, 1 447 жаңа баған және 13 дана толық трансформаторлық қосалқы станциялар (ТТҚС) орнатылды. Осы жылы бұл бағдарлама аясында 4 жобаға 2,9 млрд теңге бөлініп, Жаңаарқа ауданында 271 шақырым электр желілері, 5 927 баған және 13 қосалқы стансалар ауыстырылды.
Газбен жабдықтау
Облыста газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Табиғи газбен қамтамасыз ету деңгейі облыс бойынша 9,1% құрайды (20 мың адамнан жоғары). 2024 жылы Ұлттық қордан бөлінген қаражат көлемін 3,9 млрд теңгеге жеткіздік. Осы жылы облысты газдандыруға 3,1 млрд теңге бөлінді. Жалпы сомасы 46 млрд теңгені құрайтын 6 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда Жезқазған қаласында 3676 абонентке газ желілері тартылып, 2 нысан газға қосылды. Сондай-ақ Кеңгір ауылында 500-ге жуық абонентке газ желілері жеткізілді. Жалпы 2030 жылға дейін 63 мыңға жуық облыс тұрғындарын газбен қамту жоспарланған. Газдандыру жұмыстары Жезқазған, Атасу, Кеңгір, Қаражал, Жәйрем, Сәтбаев, Ұлытау және Жезді елді мекендерінде жүргізілуде. Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті – 17 000 халық. Газ тарату желілері мен «Атасу» АГРС құрылысының жобасы дайын, мемлекеттік сараптамадан өтті. Ұзындығы 188 шақырым, құны 12 млрд теңге. Жоба 3 іске қосу кешенінен тұрады. 2025 жылға 1 млрд теңге қарастырылған. 2025–2027 жылдар аралығында 4500 үй газбен қамтылады. Кеңгір ауылы – 2600 халық. Газ желілері құрылысы 2024 жылғы сәуірде басталды. Ұзындығы 25 шақырым, құны 1,751 млрд теңге. 2025–2026 жылдары 442 үй және 7 әлеуметтік нысан газбен қамтылады. Қаражал қаласы және Жәйрем кенті – 18 000 халық. Газдандыру жұмыстары 2024 жылғы сәуірде басталды. Ұзындығы 226 шақырым, құны 17 млрд теңге. Жоба II кезек, 8 іске қосу кешені. 2025–2027 жылдары. 2107 үй газбен қамтылады. Сәтбаев қаласы – 15 000 халық газ желілерінің ЖСҚ дайындалып, сараптамаға жіберілді. Ұлытау және Жезді елді мекендері – 10 000 халық. Газ құбырына қатысты ЖСҚ бойынша конкурс өткізіліп, мердігермен келісімшарт жасалды. Осы жобалар мен іс-шаралардың жүзеге асырылуы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының сапасын арттырып, облыс тұрғындарын сапалы қызметтермен қамтамасыз ету деңгейін айтарлықтай жақсарады және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді.
Көлік инфрақұрылымы
Облыс құрылғаннан бері 549 шақырым автомобиль жолдары және 4 көпір жөнделді. (республикалық желі – 153 шақырым және 2 көпір, жергілікті желі бойынша – 395,9 шақырым және 2 көпір жөнделді).
Осы жылы өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту мақсатында Республикалық және жергілікті бюджеттен 129 млрд теңгеден (108,7 млрд теңге – Азия даму банкі; 9,5 млрд теңге – республикалық бюджет, 8,2 млрд теңге – облыстық бюджет; 2,4 млрд теңге – жергілікті бюджет) аса сомаға жалпы ұзындығы 261 шақырым жолға реконструкция және жөндеу жұмыстары жүргізілді (25,8 шақырым – қалаішілік, 58,8 шақырым – республикалық, 33,1 шақырым – жергілікті, 57 шақырым – облыстық маңызы бар, 21,3 шақырым– «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында).
Облыстағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 2 711 шақырым. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар – 961 шақырым, облыстық – 896 шақырым, аудандық – 310 шақырым, елді мекен ішіндегі – 544 шақырым. «Қызылорда-Жезқазған» автожолын реконструкциялау аясында құрылыс жұмыстары басталып, төрттен бір бөлігіне асфальт жабындысы төселді (216–424 шақырым, яғни 208 шақырым, жобаның құны – 108,7 млрд теңге. Жұмысқа 4 мердігер ұйым тартылған).
Республикалық маңызы бар «Қаражал – Атасу» автожолының (0–28 шақырым, құны – 10,4 млрд теңге) реконструкциясына 1,7 млрд теңге бөлінді (Ұлттық қор – 1,6 млрд теңге, облыстық бюджет – 105 млн теңге). Жоба жалғасуда (республикалық теңгерімге берілген).
«Ұлытау–Арқалық» 143–252 шақырым (109 шақырым), автожол аралығында орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда (109 шақырымның 42 шақырымы орындалды). Облыстық маңызы бар «Сәтбаев – Малшыбай – Жошыхан, Домбауыл кесенесі» автожолының құрылысы аяқталуда (19,5 шақырым, құны – 9,6 млрд теңге). Осы жылы ұзындығы 316 шақырым құрайтын Қызылжар – Мойынты жаңа темір жол желісінің құрылысы басталады. Бүгінгі күні жобалау сметалау құжаттамасы әзірленуде, Технико-экономикалық негіздеме мемлекеттік сараптама өтуде, сараптама қорытындысын алу қыркүйек айының соңына жоспарланған. Бас мердігер Integra Construction KZ компаниясы, 2025 жылғы сәуірден бастап ауқымды жер жұмыстары жүргізілуде: 12,7 мың м³-тан астам жер төсемі дайындалған, 149 шақырым темір жол рельстері төселді. Құрылыс алаңында 932-ден астам маман және 440-қа жуық арнайы техника жұмыс істеп жатыр.
Жалпы облыс аумағында 29 автобустық маршрут ұйымдастырылған. Қалалық қоғамдық көлікке ағымдағы жылы 721 млн теңгеге жаңа автобустар сатып алынды (жалпы 36 автобус, 42% жаңартылды). Облыс құрылғаннан бері жаңа 3 автобус маршруттары (Жаңаарқа, Қаражал, Сарысу бағыттары бойынша) және 1 авиамаршрут (Шымкент қаласына) ашылған болатын. Премьер-министрдің тапсырмасына сәйкес биыл облыс бойынша 4 темір жол вокзалында (Жезқазған қаласы, Қаражал қаласы, Жаңаарқа ауданы және Қызылжар стансасы) құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Облыс орталығынан 4 бағытта авиамаршруттар ұйымдастырылған (Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды). 2026 жылы Балқаш және Түркістан қалаларына авиамаршрут ашу жоспарланған.
Тұрғын үй құрылысы
Тұрғын үй құрылысы саласында 29 үй бойынша жұмыстар жүргізілуде (6 жалдамалы, 11 несиеге берілетін және 12 коммерциялық үй). Оның ішінде 2024 жылы 9 үй пайдалануға берілді (1 жалдамалы, 3 несиеге берілетін және 5 коммерциялық), нәтижесінде шамамен 500 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Әлеуметтік осал топтар үшін 100-ден астам пәтер сатып алынды. «UlytauZhastary» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы аясында «Отбасы банкімен» бірлесіп, жыл сайын облыстық бюджеттен 500 млн теңге бөлініп, 45 жас азаматқа пәтер сатып алуға мүмкіндік жасалады. Сондай-ақ 2025-2026 жылдары 31 үйдің құрылысы жалғасады (6 жалдамалы, 9 несиеге берілетін, 15 коммерциялық және 1 әлеуметтік қызметкерлерге арналған жатақхана). Биыл қаңтар-қазан айларында 71,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (2024 жылы сәйкес кезеңінде – 68,8 мың ш.м.), жыл соңына дейін 111 мың шаршы метрге жеткізіледі.
Сонымен қатар тұрғын үй қорын жаңарту жұмыстары басталды. Бұл бағдарлама аясында ескі үйлер сүріліп, инвесторлардың есебінен жаңалары салынады (Жезқазған қаласында 138 апатты көпқабатты үйді сүру көзделген).
Экология
Президенттің бастамасымен өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында облыс бойынша 27 315 жасыл желек отырғызылды, сондай-ақ 7 800 тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдық жиналды. Жезқазған, Сәтбаев қалаларында және Ұлытау ауданында экологиялық жағдай мен халықтың сырқаттану және онкологиялық аурулардың себептерін анықтауға бағытталған ғылыми зерттеулер аяқталды.
Зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша Денсаулық сақтау министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінен оң қорытынды алынды. Қоғамдық тыңдаулар өткізілгеннен кейін жоба экологиялық сараптама жүргізу үшін Экология және табиғи ресурстар министрлігіне жолданатын болады. Жаңаарқа ауданында 2024 жылдан бері аумағы 70 гектар жерге ағаш өсіруге арналған тұрақты тұқымбақ құрылысы жүріп жатыр. Аяқталу мерзімі – 2026 жыл. Жоба бойынша құрылыстың жалпы құны 2 571 000 мың теңге. Аяқталу мерзімі 2026 жыл. Сондай-ақ жеке қаражат есебінен Жезқазған қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін кешен салу жоспарланып отыр (жобаны «Жасыл Даму» және ФРП қаржы институттары арқылы жүзеге асыру көзделген, инвестор – «DD-jol» ЖШС, сома – 880 млн теңге, жобалық қуаттылығы – жылына 50 мың тонна). Осы жылы Сәтбаев қаласының Қазақмыс Дистрибьюшн Жылуэнергетика кәсіпорнының станциясында бу ластануын азайту мақсатында төрт қазандыққа «Панарина» маркасындағы екінші буынды эмульгатор орнатылды (нәтижесі күлді тазарту деңгейі 65%-дан 98%-ға дейін артады).
Қоғамдық қауіпсіздік
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында материалдық-техникалық базаны нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде, соның нәтижесінде жарақтандыру деңгейі 72,3%-ға дейін өсті (бұрын – 49%). 33 автокөлік және 400-ден астам жабдық (428 газтұтқыш, 7 өрт-дабыл жүйесі, жарылғыш заттарды анықтауға арналған жиынтық) сатып алынды. Қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында облыс бойынша 3,5 млрд теңгеге 2 900 бейнебақылау камерасы орнатылды. Бұл техникалық құралдар құқық бұзушылықтарды анықтауға және олармен күресуге мүмкіндік беруде. Нәтижесінде жыл басынан бері қылмыстар саны 4,1%-ға төмендеді (2024 жылы 10 айы – 1253 қылмыс, 2025 жылдың 10 айы – 1202 қылмыс).
Құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары жалғасады (арнайы техника мен басқа да жабдықтар – 30-дан астам бірлік). Сонымен қатар әртүрлі құқықбұзушылықтарды анықтау мақсатында Жедел басқару орталығын және Ұлттық ұланның әскери бөлімін құру жоспарлануда.
Төтенше жағдайлар органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде, соның нәтижесінде жарақтандыру деңгейі 89%-ға дейін өсті (бұрын – 72%). 5 бірлік арнайы техника және 340 түрлі жабдық сатып алынды. Осы жылы Қаражал және Жезқазған қаласында өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді. Жезқазған қаласы өрт сөндіру депосы аймағында шағын 6 пәтерден тұратын жатақхана салынып, 6 қызметкер тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Сәтпаев (дайындық деңгейі – 78%) қаласында және Жәйрем кентінде (дайындық деңгейі – 71%) өрт сөндіру деполарының құрылысы аяқталуда. Биыл 1 бірлік вертолет (МИ-8) қолданысқа беріліп, төтенше жағдай саласында жұмыс жасауда. Осы уақытқа дейін 9 ұшу орындап, 7 (6 ересек,1 бала ) адам құтқарылды. Материалдық-техникалық базаны нығайту жұмыстары жалғасуда.
Облысты дамытудың маңызды бағыттарының бірі – бюджеттен тыс қаражаттарды тарту
Облыста демеушілік қаражат есебінен түрлі әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Биыл жалпы құны 50,3 млрд теңгені құрайтын 34 жоба жоспарланған, оның ішінде:
Казцинк өнеркәсібімен 1 млрд теңге сомасына 9 жоба;
Биыл 700 млн теңгеге 5 жобаны жүзеге асыру бойынша «Qarmet» акционерлік қоғамымен Меморандум жасалды (Қаражал қаласы, балабақша жөндеу – 100 млн теңге; арнайы техникалар алу 100 млн теңге, Ұлытау футбол клубын қаржыландыру 150 млн теңге, медицина қызметкерлеріне үстемақы – 12 млн теңге, персоналды уақытша орналастыру үшін бір көппәтерлі үйді қалпына келтіру – 2026 жылы ортасында қарастырылады).
Сонымен қатар меморандумнан бөлек Қазақмыс корпорациясы 23,2 млрд теңгеге 5 жобаны жүзеге асыру көзделген.
«Қазақстан халқына» қорының қолдауымен жалпы сомасы 2,5 млрд теңгеге 6 жоба жүзеге асырылмақ.
Бұдан бөлек, Болат Өтемұратов қоры Жезқазған қаласының батыс ауданында заманауи Оқушылар сарайының құрылысын бастады, қарқын өте жоғары, оған қоса, аталған аумақта келесі жылы емхана құрылысын салуды жоспарлап отыр. Жалпы, облыс бойынша барлық әлеуметтік міндеттеме орындалуда, инфрақұрылым нығаюда. Халық үшін өзекті мәселелер біртіндеп шешілуде, олар аз емес және оларды кезең-кезеңімен шешу бойынша жұмыс жалғасады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу